Өзбекстан құрамасының футболшысы Түркия чемпионатында 10 есе көп жалақы алады

27.07.2025, 11:47

Өзбекстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Түркияның «Истанбул Башакшехир» клубына ауысты.

Өзбекстан құрамасының футболшысы Түркия чемпионатында 10 есе көп жалақы алады

Түркиялық клуб өзбекстандық футболшы үшін 7,5 миллион еуро төледі. Сондай-ақ, қосымша 2,5 миллион еуро көлемінде бонус қарастырылған. Осылайша трансфердің жалпы құны 10 миллион еуроға жуықтайды.

Түркиялық инсайдерлердің мәліметінше, Файзуллаев жаңа клубында медициналық тексерістен сәтті өткен. Жаңа командадағы жылдық жалақысы - 1 миллион еуро және оған қоса бонустар қарастырылған.

Айта кету керек, Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған кезінде Аббосбек Файзуллаев жылына небәрі 100 мың еуро көлемінде табыс тапқан. Ол Ресей Премьер-Лигасындағы ең аз жалақы алатын футболшылардың бірі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×