Өзбекстан құрамасының футболшысы «Жеңіс» жейдесін киюі ықтимал

19.04.2025, 10:45

«Жеңістің» бас директоры Айдын Қожахмет Sport+ телеарнасының эфирінде елордалық клубтың жейдесін Өзбекстан құрамасының футболшысы киюі мүмкін екенін айтты.

Өзбекстан құрамасының футболшысы «Жеңіс» жейдесін киюі ықтимал
Шохбоз Умаров

Pluste Bol бағдарламасының жүргізушілері жазғы трансфер терезесінде «Тұранның» көшбасшы легионерлері жалақы мәселесіне байланысты командадан кетуі мүмкін деген пікір айтқан болатын. Бұған Айдын Қожахмет инсайдерлік пікір қоса отырып:

— «Тұранның» бір легионерінде ұсыныс бар қазір, — деп жауап берді.

Айта кетейік, осыған дейін бірнеше БАҚ-та «Жеңістің» «Тұран» сапында өнер көрсететін Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Шахбоз Умаровқа қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×