Өзбекстан құрамасының футболшылары
FIFA ұлттық қауымдастығы Өзбекстанға Әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін 9 млн доллар қаржы береді.
Жалпы, 2026-жылғы әлем чемпионатына қатысатын 48 құраманың жалпы жүлде қоры – 896 миллион доллар. Әр құрама команданың дайындыққа қосымша 1,5 млн доллар алатынын да қоса кету керек. Жол шығындары мен жаттығу базаларының ақысын FIFA өзі төлеп береді. Келесі жылы жалауы желбірейтін ӘЧ-ның топтық кезеңіне қатысатын құрамалардың нақты қанша қаражат алатыны жарыс қарсаңында белгілі болмақ. Бірақ сарапшылардың мәліметіне сенсек, бұл сома 9 млн доллардан кем болмауы тиіс. Болжам бойынша, бұл сома шамамен 9,1 млн доллардың көлемінде (116 млрд өзбек сомынан аса). Егер Өзбекстан плей-оффқа шықса бұл ақша еселене түседі.