Өзбекстан лигасының 2,3,4 орын иегерлері анықталды

29.11.2025, 17:35

Өзбекстан Супер лигасының шешуші 30-турының орталық - "Навбахор" мен "Пахтакор" кездесуі 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Өзбекстан лигасының 2,3,4 орын иегерлері анықталды
“Пахтакор” ФК

Кездесудің бірінші бөлігінде “Арыстандар" сапындағы тәжірибелі шабуылшы Игорь Сергеев 14-минутта есеп ашып, қонақтарға басымдық әкелді.

Екінші таймда Намангандықтар прессингті күшейтіп, бастаманы өз қолына алды.

64-минутта "Пахтакор" жартылай қорғаушысы Башар Резан төрешінің шешіміне бағынудан бас тартқаны үшін екінші сары қағазды алып, командасын алаңда 10 адам қалдырды.

82-минутта Забихилло Уринбоев дәл соққысымен есепті теңестіріп, "Навбахорды" жеңілістен құтқарды.

Осылайша, "Пахтакор" "Навбахор" алаңында ұпай жоғалтқанына қарамастан, маусымды екінші орында аяқтады.

Сонымен қатар, тур аясындағы тағы бір маңызды кездесу - "Насаф" пен "Динамо" арасындағы кездесу де өз мәресіне жетті. Қарсыдағы ойын голдарсыз өтіп, қос тарап 0:0 есебімен алаңнан кетті.

Нәтижесінде “Айдаһарлар" маусымды сенімді түрде 3-орынмен аяқтады, ал Вадим Абрамов шәкірттері кестеде 4-орынға жайғасты.

Айта кетсек, 2025 жылғы Суперлига чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда, Ферғана қаласының "Нефтчи" командасы "Қызылқұм" құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпиондықты иеленген болатын. Бұл "Нефтчи” клубының тарихында алтыншы және 24 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтын жүлдесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×