Өзбекстан лигасының сұрмергендерінің бірі ҚПЛ-ге келуі мүмкін

22.11.2025, 17:10

"Насаф" клубының және Өзбекстан құрамасының шабуылшысы 23 жастағы Хусаин Норчаев Семейлік "Елімайдың" сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Өзбекстан лигасының сұрмергендерінің бірі ҚПЛ-ге келуі мүмкін

Бірақ, бұл ақпаратты жариялаған дереккөз АзияСпорт телеграм арнасы Семейлік команданың футболшыға қызығушылық танытып отырғанын интуицияға сүйеніп болжайтынын айтады.

"Команда келесі маусымда Еурокубоктарға қатысады — бұл жас әрі амбициясы бар шабуылшы үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, Норчаев "Насафта” жақсы жалақы алып жүр, сондықтан Қазақстаннан түсетін ұсыныс айына кемінде 20 мың доллардан төмен болмауы тиіс.

Хусаин Норчаев — Өзбекстан Суперлигасының үздік сұрмергендерінің бірі. Ол "Насаф” сапында Азия Чемпиондар Лигасында гол соғып, тұрақты түрде ұлттық құрамаға шақырылып жүр. Көпшілік оны алдағы Әлем чемпионатына баратын ойыншылар қатарында көреді.

Айына 20 мың доллар — Қазақстан клубтары үшін айтарлықтай үлкен жалақы. Бұл ақшаға Еуропа тәжірибесі бар легионер алу мүмкін. Бірақ Норчаевтың әлеуеті жоғары, әрі егер оны осы қыста трансферлеу мүмкін болса, Өзбекстан құрамасы сапында ӘЧ-да жарқыраса, оны кейін өте тиімді бағамен қайта сатуға жол ашылады. Дегенмен, футболшының жасы 23-те, яғни жас талант кезеңінен біртіндеп өтуде.

Бұған дейін Хусаинға Португалиялық "Брага” қызығушылық танытқан. Жазда медициналық тексеріске баруы керек болған, бірақ құжат мәселесіне байланысты сапар кейінге қалған. Португал клубының қызығушылығы әлі де бар-жоғы белгісіз. Сонымен бірге Ресейдің бірнеше клубы да ойыншыны бақылап жүр.

Осыған қарап, Норчаев үшін Қазақстан Премьер лигасының ТОП-4 командасына ауысу — шын мәнінде тартымды нұсқа. Ал "Елімайдың” Еурокубокқа шығуы трансфердің жүзеге асу мүмкіндігін одан сайын арттырып тұр.” – деп жазды арна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×