Өзбекстан мен Жапония көш басында

16.11.2012, 15:09
Өзбекстан мен Жапония көш басында
Бразилияда өтетін Әлем Біріншілігінің іріктеу турлары аясында Азия континенті бойынша бірнеше  ойындар өткен болатын. Төртінші раундқа дейін қарсыластарын сан соқтырып келген азиялық 10 кұрама 2014 жылы Бразилияға кімнің баратынын анықтауда. Сонымен 2 топқа бөлінген құрамалардың 5-турдағы ойындарына тоқталсақ... "А" тобы Бұл турда топтың басты фавориті Оңтүстік Корея  демалыс алған болатын. Бұны Иран мен Өзбекстан ұтымды пайдалануға тысырып, Тегеранда күш сынасты. Алғашқы таймнан соң есеп ашылмаған болатын. Екінші қырық бес минуттықта қос ұжым барын салды. Жеңіске деген жігерінің арқасында қонақтар есеп ашты. Айып алаңына асырылған пасқа бірінші жеткен Ұлықбек Бақаев допты қақпада тулаты. Соңғы минутқа дейін өз қақпасын таза сақтап қала алған Өзбекстан кішігірім сенсация жасап, Иранды қонақта тізе бүктірді. "А" тобының екінші ойыны Катардың Доха қаласында өтті. "Jassim Bin Hamad" стадионында жергілікті Катар Ливанды қабылдады. Бұл ойында да жоғарыдағы есеп тіркелді. Тек жеңіске жеткен алаң иелері. Ойынның 75-минутында Себастьян Сория соққан гол Катарға жеңіс сыйлады. Сонымен бұл топта Өзбекстан 8 ұпаймен көш бастады. Олардан бір ойыны кем Оңтүстік Кореяның қоржынында 7 ұпай. Өз алаңында жеңілген Иран мен Ливанды жеңген Катарда да 7 ұпайдан бар. Топтың аутсайдері Ливан 4 ұпаймен соңғы орында. "В" тобы Ирак пен Иордания кездесуінде де жалғыз гол соғылды. Десе де, ойын өте тартысты өтті. Жанкүйерлер ойын жеңімпазын соңғы минуттарда ғана біле алды. 86-минутта Ахмед соққан гол Ирак құрамасына жеңіс әкелді. Бұл топтың фавориті айқын - Жапония. Оман құрамасына қонаққа барған жапондықтар қиын кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 20-минутта Киетаке есеп ашып, Жапонияны алға шығарған болатын. Алайда 77-минутта Ахмет Кано таразы басын теңестіріп, жергілікті жанкүйерлердің көз айымына айналды. Қолда бар жеңістен айырылайын деп тұрғанын сезген Жапония намысына қамшы басып, 89-минутта Оман қақпасынан тағы бір мәрте саңлау тапты. Окадзаки соққан гол қонақардың жеңіске жетуіне себеп болды. Айта кетерлік бір жәйт, бұл турда Австралия ойын өткізбеген болатын. Енді 5-турдан кейін Жапония 13 ұпаймен көш бастап келеді. Олардан бір ойыны кем Австралияның 5 ұпайы бар. Сонымен қатар, Ирак пен Оман да өз қоржындарына 5 ұпайдан жинай алды. Көш соңында 4 ұпаймен Иордания келеді. Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×