Шабуылшы Эльдор Шомуродов "Ромамен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды римдік клубтың ресми сайты. Бұған дейін 26 жастағы Өзбекстан құрамасының шабуылшы "Дженоа" сапында ойнаған еді.
Шомуродов пен "Рома" арасындағы келісім 2026 жылдың маусым айына дейін есептелген. Эльдор жаңа командасында 14-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.
"Рома" клубына ауысу - бұл менің мансабымдағы үлкен қадам. Мен бұл мүмкіндікке лайық екенімді дәлелдеу үшін бар күшімді саламын. Әлемдегі ең үлкен клубтардың бірінде ойнай алатынымды көрсеткім келеді. Бұл мәміленің жылдам жасалғандығы менің жаңа командаға, жаттықтырушы мен ойыншыларға тезірек қосылғым келетіндігін көрсетеді", - деп пікір пілдірді Эльдор бұл ауысым туралы.
Еске салайық, Шомуродов 2020 жылы "Ростовтан" "Дженоаға" ауысқан еді. Шабуылшының трансферлік құны 7,5 миллион еуроны құрады. 2020/2021 жылғы маусымда 26 жастағы шабуылшы Италияның А сериясында 31 матч өткізіп, сегіз гол соқты, бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET