
Өзбекстан құрамасы футбол тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бұл тарихи жетістік 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Біріккен Араб Әмірліктерімен өткен сырт алаңдағы 0:0 есебімен аяқталған матчтан кейін тіркелді.
Бұл – Өзбекстан ұлттық құрамасының сегізінші талпынысы. Бұған дейінгі 7 іріктеу кезеңінде команда соңғы сәттерде сүрініп, финалдық турнирге өте алмай келген.
Енді олар 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін Әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынайды.
“Бұл — барша өзбек халқының жеңісі. Бұл күн — ел футболының жаңа дәуірінің бастауы,” – деп мәлімдеді Өзбекстан футбол федерация басшылығы.
Біздің серіктес: FONBET