ESPN басылымы 2026 жылғы Әлем чемпионатының жеребесінен кейін "К" тобының (Португалия, Колумбия, Өзбекстан және Плей-офф жеңімпазы) мүмкіндіктерін саралап, фаворит пен аутсайдерді атады, деп хабарлайды Aladop.kz.
"ESPN" басылымының жазуынша, Португалия құрамасы алғашында Колумбиямен бір топқа түскеніне алаңдаушылық байқатқан, Алайда 3-ші себеттен Өзбекстан 4-ші себеттен ФИФА плей-офф жеңімпазы түскеннен кейін Португалияның көңіл-күйі біршама көтерілді.
Дегенмен, Португалия немесе Колумбия үшін ешқандай кешірім болуы мүмкін емес. Екі командада да әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бар - Португалияда Бруну Фернандеш, Колумбияда Луис Диас сияқты ойыншылар. Олар топтан оңай шығуы керек негізгі үміткерлер.
Топқа көбірек көңіл бөлу, әрине, Криштиану Роналдудың арқасында.
"Іс жүзінде ешқандай күмән жоқ - бұл Роналдудың соңғы әлем чемпионаты болады," - делінген мақалада.
Оның мансабында жеңіп алынбаған жалғыз жүлде осы жарыс. 40 жасқа таяп қалса да, ол гол соғуды жалғастыруда және 1000 голға жақындап қалды. Роберто Мартинестің негізгі орталық шабуылшысы болып қала береді. ФИФА оның Ирландияға қарсы өткен іріктеуде алған қызыл карточкасы үшін жазасын қысқартып, жазғы бірінші ойынға қатысуына жағдай жасады.
Қорытынды болжам: "ESPN" топтың соңғы реттілігін былайша болжады:
1. Португалия
2. Колумбия
3. Плей-офф жеңімпазы
4. Өзбекстан
"Басқа нәтиже - үлкен тосынсый болады," - деп қорытындылайды басылым.