Өзбекстанда әлем футболы жұлдыздары жиналмақ

26-27 тамыз күні Ташкенттегі “Хумо Аренада” жаһандық футбол шарасы өтпек.

Өзбекстанда әлем футболы жұлдыздары жиналмақ

26 тамыз күні Ташкентте “Oil Star” мен BMB командалары футзалдан Өзбекстан Суперкубогын өздері арасында сарапқа салады. Елдің футбол Федерация финалдық кездесуге Марко Матерацци, Дида, Роберто Карлос, Кураньи, Франк Рибери, Сержиньо, Кристиан Дзаккардо, Майкон және Фабио Канновароны қонаққа шақырған екен. 

Айта кетейік, аталған әлем жұлдыздары ертесіңе “Хумо Аренада” Өзбекстанның футбол аңыздарына қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойынды тамашалау жергілікті жұртшылық үшін ақысыз болмақ. Бірақ ол үшін 18 тамызға дейін стадион алдындағы кассадан тегін билетті алып кетуі тиіс. Әр адам кіргізу қағазының тек 2 данасын ғана ала алады. 

Әлем жұлдыздарынан құрам жасақтап, футбол матчын өткізу Өзбекстан мемлекеті үшін алғашқы тәжірибе екенін тілге тиек етейік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Өзбекстан
Aladop Youtube
×