Өзбекстандық футбол жұлдыздарына қымбат электрокарлар сыйға тартылды

Бүгін, 16:46

Өзбекстан құрамасының ойыншылары Аббос Файзуллаев пен Элдор Шомуродовқа Әлем чемпионатындағы жетістіктері үшін құны 1 миллиард сумға (шамамен 83,4 мың доллар) жуықтайтын қымбат көліктер сыйға берілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Өзбекстандық футбол жұлдыздарына қымбат электрокарлар сыйға тартылды

Сыйлыққа берілген Қытайлық электрокарлардың құны Өзбекстанда жиынтығына байланысты 800 миллионнан 1 миллиард сумға дейін (66,73 мыңнан 83,41 мың долларға дейін) жетеді. Бұл бағалы сыйлықтарды футболшылардың еңбегін бағалау ретінде жеке меншік өзбек компанияларының бірі қаржыландырған болуы мүмкін.

Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатында топтық кезеңдегі үш ойынның бәрінде жеңіліп, турнирді мерзімінен бұрын аяқтағанына қарамастан, бұл екі футболшы маңызды тарихи сәттермен есте қалды.

Түркиялцқ "Ыстанбұл Башакшехирда" өнер көрсететін Аббос Файзуллаев Колумбия құрамасына қарсы ойында есепті теңестіріп, Өзбекстан тарихындағы Әлем чемпионатындағы алғашқы голды соққан болатын.

Элдор Шомуродов Конго Демократиялық Республикасына қарсы матчта жалғыз голдың авторы атанды. Бұл соққы топтық кезеңнің ең үздік голы деп танылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×