Өзбек футболшысы Аргентиналық аңызды тәнті етті

25.02.2026, 20:20

"Манчестер Сити" мен Аргентина құрамасының аңыз ойыншысы Серхио Агуэро Өзбекстандық қорғаушы Абдуходир Хусановтың талантына тәнті болып, оның болашағына қатысты өршіл болжам жасады, деп хабарлайды Aladop.kz

Өзбек футболшысы Аргентиналық аңызды тәнті етті

“Қалалықтардың” сұрмергені Серхио Агуэро City Xtra басылымына берген сұхбатында Өзбек футболшысы Абдуходир Хусановтың әлеуетін жоғары бағалады. Аңыз ойыншының пайымдауынша, жас талант жақын жылдары клубтың негізгі қорғаушыларының біріне айналуы тиіс.

Агуэро Хусановтың биылғы маусымдағы қарқынына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, футболшы Еуропа футболына қажетті бейімделу кезеңінен сәтті өтіп, қазір нағыз шеберлігін көрсете бастаған.

"Биыл ол өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Хусанов бейімделу кезеңін толық аяқтады, қазір біз соның жемісін көріп отырмыз.” — деді Агуэро.

Аргентиналық шабуылшы жас қорғаушының бойындағы басты артықшылықтарды тізбектеп берді.

"Ол өте мықты әрі жылдам. Жекпе-жекте қарсыласына дес бермейді. Жасына қарамастан, ойынды терең түсінеді. Оның әлі жас екенін ескерсек, алдағы уақытта "Манчестер Ситидің” қорғаныс шебін көптеген жылдар бойы ұстап тұратын деңгейге жететіні анық.” — деп түйіндеді Серхио Агуэро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×