Өзбекстандық футболшы Чемпиондар лигасындағы ең жылдам ойыншылардың бірі атанды

31.01.2026, 20:50

Биылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ең жоғары жылдамдық көрсеткен ойыншылардың рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Өзбекстандық футболшы Чемпиондар лигасындағы ең жылдам ойыншылардың бірі атанды

Мбаппе көш бастап тұр, Хусанов өкшелеп келеді

Тізімнің басында Мадридтік "Реалдың" жұлдызы Килиан Мбаппе тұр. Оның алаңдағы максималды жылдамдығы 34,9 км/сағ көрсеткішіне жеткен. 

Орталық Азия жанкүйерлері үшін басты жаңалық — рейтингтің екінші сатысы. Өзбекстандық талантты қорғаушы, Англиялық “Манчестер Сити" сапында өнер көрсететін Абдукодир Хусанов 34,7 км/сағ жылдамдықпен Мбаппеден небәрі 0,2 км/сағ қана қалып қойды. Бұл көрсеткіш Хусановтың тек қорғаныстағы сауаттылығын ғана емес, әлемдік деңгейдегі физикалық дайындығын дәлелдейді.

Үздік ондық: Жылдамдық шеберлері

Рейтингтегі алғашқы ондық мынадай:

1. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") — 34,9 км/сағ

2. Абдукодир Хусанов (“Манчестер Сити) — 34,7 км/сағ

3. Карлос Форбс (“Брюгге") — 34,3 км/сағ

4. Андерсон Силва (“Пафос") — 34,1 км/сағ

5. Федерико Вальверде ("Реал Мадрид") — 34,0 км/сағ

6. Рикардо Пепи ("ПСВ") — 34,0 км/сағ

7. Джереми Фримпонг (“Ливерпуль") — 34,0 км/сағ

8. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") — 34,0 км/сағ

9. Энтони Гордон ("Ньюкасл Юнайтед") — 34,0 км/сағ

10. Энтони Гордон ("Ньюкасл Юнайтед") — 33,9 км/сағ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×