Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Шохбоз Умаров "Ордабасыға" қайтып келді.
26 жастағы вингер бұған дейін де, нақтылап айтсақ 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейін Шымкенттік командада ойнаған. Осы аралықта ол "Ордабасымен" бірге Қазақстан кубогы мен чемпионатын жеңіп алды.
Ағымдағы маусымды футболшы "Тұран" сапында бастап, бес матч өткізіп, бір гол соқты. Жазғы трансферлік терезеде ол Түркістандық клубтан кетті. Бұған дейін Умаров мансабында АГМК, "Энергетик-БГУ” және "БАТЭ" командалары да ойнаған.
Айта кетейік, Шохбоз Умаров Өзбекстан премьер лигасының бір клубына ауысуға жақын болғанымен, ол Қазақстанда қалуды және қайтадан "Ордабасыға” оралуды жөн көрді.
Қазіргі таңда ойыншының нарықтағы бағасы 400 мың еуро деп көрсетілген.