Қостанайдың "Тобылы" 26 жастағы Өзбекстандық жартылай қорғаушы Шохбоз Умаровпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.
Өзбекстандық вингер бұған дейін "АГМК", "Энергетик-БГУ", "БАТЭ", сондай-ақ "Тұран" және "Ордабасы" сапында өнер көрсеткен.
"Ордабасыда” ойнаған кезінде ол Қазақстан чемпионы әрі ел Кубогының иегері атанған. Умаров сонымен қатар Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы.