“Насаф” командасы Өзбекстан чемпионатының 10-турында ташкенттің “Локомотив” ұжымынан басым түсті.
Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Қаршы қаласының ұжымынан Бобыр Абдухолиқов хэт-трик авторы атанды. Ол кездесудің 9, 49 және 68 минуттарында ерекшеленді.
Жеңісті ойыннан кейін “Насаф” Суперлигада 19 ұпаймен турнир көшбасшысы атанды. Ал “Локомотив” болса, 9 ұпаймен 12 орында қала берді.
Еске салсақ, 2023 жылы Бобыр шымкенттік “Ордабасымен” Қазақстан чемпионы атанған болатын. Седнев баптайтын ұжымда шабуылшы барлығы 26 ойын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET