Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев қайтадан Қазақстандық клубтардың назарына ілікті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Eurasia Football таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда ҚПЛ-дің кем дегенде бір клубы Сергеевтің трансферіне қатысты жаңалық күтіп отыр. Қазіргі уақытта шабуылшы Ирандық "Персеполис" клубының намысын қорғайды. Алайда бұл елдегі саяси жағдай мен қақтығыстарға байланысты футболшының келісімшарты тоқтатылуы немесе мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Қазақстандық тарап дәл осы мәселеге қатысты ФИФА-ның соңғы шешімін күтуде.
ЖаркOFF телеграм арнасының хабарлауынша, Өзбекстандық сұрмергенге басты қызығушылық танытып отырған ұжым — "Ақтөбе”. Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Сергеевті өз қатарларынан көргісі келеді.
Бұған дейін Игорь Сергеевтің Қазақстанда “Тобыл” және дәл сол “Ақтөбеде” доп тепкен болатын.