Өзбекстандық жұлдыз Азияның ең қымбат қорғаушысы атанды

27.10.2025, 18:30

Өзбекстандық футболшы Абдукодир Хусанов Азия құрлығының ең қымбат қорғаушысы болып тіркелді.

Өзбекстандық жұлдыз Азияның ең қымбат қорғаушысы атанды

"Манчестер Сити” мен Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы қазір нарықтық құны бойынша құрлықта бірінші орынға шыққан. Бұған дейін көшті Мюнхендік "Баварияның” ойыншысы Ким Мин-же бастап тұрған еді, алайда оның құны 40 миллион еуродан 32 миллион еуроға дейін төмендеген.

Осы өзгерістен кейін Абдукодир Хусановтың нарықтық бағасы 35 миллион еуро болып белгіленіп, ол Азиядағы ең қымбат қорғаушы мәртебесіне ие болды.

Сонымен қатар, ол тек қорғаушылар арасында ғана емес, жалпы Азиялық футболшылардың ішінде де ең жоғары бағаланған ойыншы атанды. Жапон шабуылшысы Каору Митома да дәл осындай — 35 миллион еуро көлемінде бағаланған, сондықтан екеуі Азия футболының құны ең жоғары екі жұлдызы саналып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×