Өзбектер Қазақтардың табысын ашып берді. “Қайрат” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса бір ойында ақ миллиондар табады

21.08.2025, 20:30

Өзбекстандық Championat.Asia порталы "Қайраттың" биылғы маусымдағы Еурокубоктан табатын қаржысын есептеді.

Өзбектер Қазақтардың табысын ашып берді. “Қайрат” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса бір ойында ақ миллиондар табады

"Егер "Қайрат" Қазақстанда өтетін қарымта ойында жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады.

Өткен маусымда топтық кезеңге жолдама алған әр клубқа УЕФА 18 620 000 еуро төленген. Ал плей-офф кезеңіндегі әр жеңіс үшін 2 100 000 еуро, ал тең ойын үшін 700 000 еуро берілді.

"Қайрат" "Селтикті” жеңе алмаса да, Еуропа лигасының топтық кезеңіне міндетті түрде қатысады. УЕФА бұл кезеңге шыққан әр командаға 4 310 000 еуро төлейді. Сонымен қатар әрбір жеңіс үшін 450 000 еуро, тең ойын үшін 150 000 еуро беріледі.” — деп жазады басылым.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×