Өздерін Испания санай ма? Абдукадир Хусановтың алғашқы бапкері өзбекстандық футболшылардың басты артықшылығын айтты

30.05.2025, 10:53

Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Ситидің»қорғаушысы  Абдукодира Хусановтың алғашқы бапкері Сергей Чегодаев Қазақстан мен Өзбекстан футболының дамуын тілге тиек етті.

Өздерін Испания санай ма? Абдукадир Хусановтың алғашқы бапкері өзбекстандық футболшылардың басты артықшылығын айтты
Өзбекстан құрамасы

Өзбекстандық маман «Футбол Жолы» YouTube-арнасына берген сұқбатында сондай-ақ, қос ел футболшыларының ерекшеліктеріне де тоқталған болатын.

«Енді білесіздер ме, сіздерге қалай айтсам екен, біз «Қайрат» пен шымкенттегі академиямен («Оңтүстік») кездескен болатынбыз. Ол кезде Шымкентте испаниялықтар жұмыс істеген. Жеке қабілеттерімен салыстырып айтқанда, біздің балалар техникалық тұрғыда мықтырақ, жұмсақтау келеді. Сол бізбен ойнаған кезде сіздердің футболшылардың физикалық жағына көбірек көңіл бөлінгенін байқадық. Сіздердегі балалардың барлығы сондай жауынгер. Меніңше, футбол сіздер жақта да өзгеріп жатыр», - деді өзбекстандық бапкер.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы ӘЧ-2026-ға шығуға бір табан жақын. Азия іріктеуінде өзбекстандық команда өз тобында екінші орынмен мундиальдің тікелей жолдамасын еншілеуі ықтимал.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×