ОЖЖ. «Шахтер» де, «Қайрат» та, «Тобыл» да жеңе алмады

01.02.2015, 18:24
ОЖЖ. «Шахтер» де, «Қайрат» та, «Тобыл» да жеңе алмады
Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан қазақстандық бірқатар клубтар жолдастық кездесу өткізді. Қарағандылық «Шахтер» болгариялық «Славиямен», алматылық «Қайрат» ресейлік «Крылья Советовпен», ал қостанайлық «Тобыл» тағы бір ресейлік ұжым «Луч-Энергиямен» күш сынасты. Өткен маусым қаржылық қиындықтарымен ғана есінде қалған «кеншілер» Болагриялық  астанасы Софияның намысын қорғайтын «Славия» клубымен кім мықтыны анықтады. Командалардың қорғаныста сақ ойнауы тең есепті алып келді – 0:0. Қос команда қанша тырысқанымен бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. Ел кубогының иегері «Қайрат» та қарсыласынан айласын асыра алмады. Олардың бұл жолғы қарсыласы – Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Крылья Советов» клубы. Бас төрешінің соңғы ысқырығы естілгенде тоблода 2:2 есебі тіркеліп тұрған. Алматылықтар сапынан африкалық сұрмергені Жерар Гоу мен жартылай қорғаушы Сито Риера көзге түссе, ресейліктер Максим Палиенконың дублі арасында таразы басын теңестірді – 2:2. Ал «Тобыл» қарсыласынан, тіпті, жеңіліп қалды. «Луч-Энергияға» қарсы кездесуді қостанайлықтар тәп-тәуір бастаған. Сол кездегі ауа-райының қолайсыздығы болмаса, «Тобыл» үшін алғашқы тайм сәтті өтті. Штепан Кучераның мергенділігі арқасында 1:0 есебімен алға шықты. Алайда үзілістен кейін ресейліктер төрт гол соқты. Вардан Минасян шәкірттерін ірі есеппен жеңілуден байқауда жүрген ойыншының дублі ғана құтқарып қалды. Қорытынды есеп – 4:3.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×