Кеше “Бенфика” командасы Чемпиондар Лигасының плей-офф кездесуінде “Фенербахчеден” басым түсті.
Аталған ойында “Бенфика” сапынан Керем Актюркоглу шешуші гол соғып, қос матч қорытындысы бойынша “Фенербахчені” Чемпиондар Лигасынсыз қалдырды (1:0).
Айта кетейік, бұл командалар арасындағы алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Екінші ойындағы Керемнің голының арқасында “Бенфика” жалпы кезеңге жолдама алды.
Бір қызығы, жақын аралықта Актюркоглу өзі гол соғып, турнирден ұшырып жіберген “Фенербахчеге” ауысады. Жозе Моуриньо баптайтын команда 26 жастағы шабуылшыға 22 млн + 3 млн еуро бонус төлеуге әзір екенін жеткізді. Өкініштісі "Фенербахче" Керемнің кесірінен 18 жыл қатарынан еурокубоктің басты турнирінсіз қалып отыр.
Осы бір жағдайдан кейін түрік ойыншысының Стамбұл ұжымының жанкүйерлері қалай қабылдайтынын елестетудің өзі мүмкін емес.