Пабло Фонтанелло: «Бізге қайтадан қателіктер жіберуге болмайды»

02.08.2020, 18:44
«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанелло клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың дайындығы жайлы айтып берді.
Пабло Фонтанелло: «Бізге қайтадан қателіктер жіберуге болмайды»

- Қазақстан чемпионаты 3-ші тамызда жалғасады деп жоспраланаған болатын. Мерзімнің қайта ауысуынан ойыншылардың көңіл күйлері түскен болар.

- Ия. Бірақ біз коронавирус қауіпті дерт екенін жақсы түсінеміз. Көптеген адамдар осы дерттен көз жұмды, бұл ешқандай әзіл емес. Коронавирус – өте күрделі мәселе. Сондықтан өз денсаулығыңа кауіп төндіргенше чемпионатты қайта ауыстыру дұрыс шешім. Қазір біз Еуропа Лигасының матчтарына дайындалудамыз. Алда Қазақстан чемпионатында бізді маңызды үш матч күтуде. Бізге босаңсуға болмайды. ⠀

- Команда ойыншылары арасында ауырған немесе қазір ауырып жатқандар бар ма?

- Жоқ. Чемпионатты дер кезінде тоқтатқаны жақсы болды. Біз ойыншылар және клубтың барлық әкімшілігі әр апта сайын коронавирусқа тест тапсырамыз. Құдайға шүкір арамызда ауырғандар жоқ. Барлықтарының дендері сау, чемпионаттың басталуын күтуде. ⠀

- «Ордабасы» 4 тур ойнап, оның екеуінде ұтылып қалды. Осы ұтылулардың себебі неде?

- Ойыншылар моральды тұрғыда шаршады. Біз чемпионаттың басталуына дайындаламыз, кейіннен ойындарды қайта ауыстырады. Легионерлерге өте қиын. Көптеген ойыншылардың Шымкентте жанұялары жоқ. Олар үнемі өз жақындары жайлы ойлайды, олар үшін уайымдайды. «Таразбен» өткен матчта біздің жолымыз болмады. Механовичтің соққысы қақпаға дөп түскенде ойын тең есеппен аяқталар еді. Ал «Шахтермен» өткен матчта біз ойынды толық қадағалауда ұстадық. Қолдан өткізіп алған бір сәт бізді жеңіліске ұшыратты және үш ұпайдан айырылуға әкеліп соқтырды. Бізге қайтадан қателіктер жіберуге болмайды. Егер екі аптадан кейін чемпионат жалғаспаса, онда оны бірден аяқтауға болмайды. Өте қиын болады. Әр бір 2-3 күн сайын ойнауға тура келеді. Менің ойымша, бірінші айналымды осы жылы аяқтап, ал екінші айналымды 2021 жылдың басында өткізу керек деп есептеймін. Енді бұл шешімді Қазақстан Футбол Федерациясы шешеді. «Ордабасыға» тек чемпионаттың басталуын күту қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×