Пабло Мари "Арсенал" сапын толықтырды

30.01.2020, 03:29
Пабло Мари "Арсенал" сапын толықтырды

Лондонның "Арсеналы" "Фламенго" орталық қорғаушысы Пабло Мариді маусым соңына дейін жалға алды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдейді.

Егер 26 жастағы ойыншының ойыны көңілден шығып жатса, Лондон ұжымы сатып ала алады.

Мари Бразилия клубына өткен жылдың жазында ғана қосылса да Бразилия чемпионаты мен Либертадорес Кубогінде топ жарып, клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына дейін жетіп үлгерген. (Ақтық сында "Ливерпульден" 1:0 ұтылған еді)

Оның алдында испаниялық қорғаушы 3 жыл "Манчестер Сити" ойыншысы саналғанымен бірнеше ұжымға жалға берілген. Негізі Пабло "Мальорка" футбол мектебінің түлегі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×