“Пафос” Алматыға жол тартты

20.10.2025, 16:45

Кипрдің әйгілі “Пафос” футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур ойынын өткізу үшін Алматыға ұшты. Команда ертең “Қайратқа” қарсы бақ сынайды.

“Пафос” Алматыға жол тартты

Кипрліктер “Қайратпен” өтетін Чемпиондар лигасы ойынына екі ұшақпен ұшты. Команданың негізгі құрамы мен бапкерлер штабы жергілікті уақытпен таңғы 7:00 шамасында Кипрден ұшып шыққан. Ал 40 минут өткен соң екінші ұшақ Қазақстанға бет алды — онда жасөспірімдер командасының ойыншылары мен сырт алаңда клубты қолдауға бел буған жанкүйерлер тобы бар.

Чемпиондар лигасының осы кезеңі екі команда үшін де маңызды сын болмақ. “Қайрат” өз алаңында ойнайтындықтан, жанкүйерлер қолдауы мен атмосфера командаға қосымша күш береді деп күтілуде. Ал “Пафос” сырт алаңдағы ойындарда жинаған тәжірибесіне сүйеніп, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысады.

Бүгін кешке Алматыда «Пафос» бас бапкері Хуан Карлос Карседоның қатысуымен баспасөз мәслихаты мен команданың ашық жаттығуы өтеді.

Матч 21 қазан күні, сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді. Екі ұжым да турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×