“Пафос” бапкері РПЛ-ге оралмақ

03.01.2026, 15:05

Мәскеулік "Спартак" жаңа бас бапкерін анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Пафос” бапкері РПЛ-ге оралмақ

Чемпиондар лигасында “Қайраттың” қарсыласы болған "Пафос” клубының бапкері Хуан Карседо келесі аптада ресми түрде “Қызыл-Ақтардың” бапкері болып тағайындалатын болды.

52 жастағы Испаниялық маман келер аптада Мәскеуге келіп, клубпен ресми келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. "Спартак” басшылығы Карседоны мерзімінен бұрын босату үшін Кипрлік "Пафос” клубына 600 мың еуро өтемақы төлеуге келіскен.

Бір қызығы, бұл сома "Спартақтың” соңғы ауысымдарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Мәселен, Заболотный, Довбня және Ву сынды ойыншылар клубқа тегін келген болса, бапкер үшін қомақты қаржы шығындалмақ.

Хуан Карседо үшін "Спартак" жат ұжым емес. Ол осыдан 14 жыл бұрын да Мәскеуде жұмыс істеген болатын. Сол кезде Карседо атақты Унай Эмеридің көмекшісі ретінде бапкерлер штабында қызмет атқарды. Енді ол Ресей астанасына көмекші емес, бас бапкер ретінде оралып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×