
Sports.kz «Пахтакор» клубының балалар командасының бапкері Павел Пурышкинмен тілдесіп, қазақ-өзбек футболының дамуындағы айырмашылықтар, Өзбекстан құрамасының жетістігі жайлы пікірін білді.
- Өзбекстан өз тарихында тұңғыш рет Әлем біріншілігіне шығуға жақын. Таяуда ғана Олимпиада ойындарында доп тепті. Мұндай табыстың сыры неде?
- Мемлекеттің көңілі мен қолдауының арқасында. Әр облыста ел игілігіне балалар академиясы берілген немесе салынып жатыр. Инфрақұрылым мен стадиондарға ауқымды қаржы жұмсалып, ал осы жұмыстың барлығы жанкүйерлердің футболға үлкен қызығушылығын оятуда. Сол сияқты балалардың футболға кәдімгідей әуестігін айтуға болады. Қысқасы, Өзбекстан футболмен тыныстауда.
- Өзбекстанстанда балалар футболын дамытудың өзінше бір ерекшелігі бар ма?
- Өзбекстан футбол федерациясы балалар футболын дамытудың ел көлеміндегі ортақ бір жүйесін жүзеге асырмақ. Иә, оны толықтай іске асыра алғамыз жоқ, бірақ жақындап қалдық.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуінде сәтті өнер көрсетуде. Азия аймағының іріктеуінде олар өз тобында Ираннан кейін тікелей жолдама еншілуге жақын. Екі тур қалғанда команда 17 ұпаймен екінші келеді.
Біздің серіктес: FONBET