Пако Алькасер «Вильярреал» ойыншысы

31.01.2020, 23:09
Пако Алькасер «Вильярреал» ойыншысы


«Боруссия Дортмунд» командасының шабуылшысы Пако Алькасер қысқы трансферде «Вильярреал» сапын толықтырды. Испан ұжымы 26 жастағы футболшы үшін 23 миллион еуро төледі.

«Вильярреал» осы арқылы «Лионға» ауысқан Карл Токо-Экамбидің орнын жоқтатпауды көздеп отыр Айта кетейік, Алькасер биыл Бундеслигада 11 ойынға қатысып, 5 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×