
Каролдік клуб - қонақтың құрбаны болды. Бернабеуде балақайлар билеп, Европаның ең үлкен додасының жартылай финалына шығып келді.
Статистикалар:
Деклан Райс биылғы Чемпиондар лигасының ширек финалында ең көп Interceptions жасаған яғни допты қиып алған ойыншы болды. (6 рет)
“Арсенал” ойыншысы Микель Мерино Чемпиондар лигасының ақтық кезеңдерінде “Сантьаго Бернабеу”стадионында 2+ голдық пас берген тарихдағы екінші қонақ ойыншы болды. Оған дейін бұл көрсеткішті Душан Тадич “Аякс” сапында тіркеген.
“Арсенал “Чемпиондар лигасының ақтық кезеңдерінде екінші рет Чемпиондық атағын қорғаудағы команданы тізе бүктірді. Бұған дейін олар 2007/08 жылғы маусымда “АС Милан” командасын соңғы 16 командалық кезеңде жарысдан шығарып тастаған еді.
“Арсенал” Чемпиондар лигасының ширек финалында алғаш рет сырт алаңда жеңіске жетті.
“Арсенал” “Реал Мадридті” Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығарған 2003/04 маусымдағы “Монакодан” кейінгі алғашқы команда болды.
“Реал Мадрид” Карло Анчелотти қол астында тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында жартылай финалға жетпей жарыстан ұшып кетті.
“Арсенал” “Реал Мадридге” қарсы барлығы 4 ойын өткізіп, бірде-бір рет жеңілмей, 3 рет қақпаларына гол айырылмай, 6 гол соғыпты.
“Арсенал” 16 жылдан кейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.
“Реал Мадрид” тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының бір маусымында 6 рет жеңіліп қалды. Бұрын олардың ең көп жеңілген маусымы 2000/01 болған. (5 жеңіліс)
Винисиус Жуниор (105) Роналдо Назарионың (104) рекордын бұзып “Реал Мадрид” үшін тарихда ең көп гол салған Бразилиялық ойыншы болды.
Және ол “Карольдік” клуб үшін Чемпиондар лигасында 50 голға қатысқан Рауль, Криштиану Роналду, Карим Бенземадардан кейінгі 4-ші ойыншы болды.
Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында 4 ойын қатарынан гол да соққан жоқ нәтижелі пас да берген жоқ.
Букайо Сака биылғы Чемпиондар лигасында “Арсенал” үшін ең көп голға қатысқан ойыншы. (5 гол, 2 нәтижелі пас)
Тибо Куртуа Чемпиондар лигасында қақпасына келген соңғы 6 пенальтидің үшеуін қайтарды.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET