Парагвай құрамасы Чилиден айласын асырды

25.06.2021, 13:34
Парагвай өз тобында екінші орынға көтерілді.
Парагвай құрамасы Чилиден айласын асырды

Чили құрамасы Америка Кубогінің топтық кезеңінің төртінші турында Парагваймен кездесті. Матч Бразилияда "Манэ Гарринча" атындағы Ұлттық стадионда өтіп, 2:0 есебімен парагвайлықтардың пайдасына аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 34-минутта соғылды. Бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттаған Брайан Самудио есеп ашты. Ал 56-минутта Чили қақпасына пенальти белгіленді. Бұл нүктеге келген Мигель Альмирон қақпашы мен допты екі жаққа айырды.

Осылайша, Парагвай құрамасы 6 ұпай жинап, өз тобында екінші орынға көтерілді. Сәйкесінше Чили құрамасы үшінші орынға түсіп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×