Кипрлік «Омонияның» қорғаушысы Парис Псалтис Конференция лигасының топтық кезеңінің алғашқы турында «Қайратқа» қарсы өткен ойын (0:0) туралы пікір білдірді.
— Бүгін біз өте жақсы ойын өткіздік. Үш ұпайға қол жеткізе алмадық. Менің ойымша, біз жеңіске лайықты болдық. Бізде жақсы мүмкіндіктер болды. Жеке өзімде екі мүмкіндік болды, бірақ бұл футбол. Сырт алаңдағы тең ойын – жақсы нәтиже.
— Бұл сіздің еурокубоктегі дебюттік ойыныңыз болды. Қандай сезімдесіз?
— Мақтанынш сезімі кеудемді кернеуде, бірақ менің алға қойған үлкен мақсаттарым бар, сондықтан алға қарай жылжуды жалғастырамын.
Біздің серіктес: FONBET