“Паспортым бар.” ҚПЛ-дің бұрынғы Украиналық ойыншысы Қазақстан құрамасында ойнау ұсынысы туралы айтты

10.04.2025, 10:00

"Ордабасы", "Қайсар", "Астана", "Тараз", "Атырау" клубтарының бұрынғы ойыншысы, украиналық Роман Пахолюк Ukrfootball.ua сайтына берген сұхбатында Қазақстан азаматтығын алғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

“Паспортым бар.” ҚПЛ-дің бұрынғы Украиналық ойыншысы Қазақстан құрамасында ойнау ұсынысы туралы айтты

— Сізде Қазақстан азаматтығы бар ма?

— Иә, паспортым бар. Қай жылы екенін нақты есімде жоқ, бірақ Қазақстанда 30 жастан асқан легионерлердің ойнауына тыйым салатын заң қабылданған болатын. Сол себепті азаматтық алуға тура келді.

— Қазақстан құрамасында ойнауға ұсыныс болды ма?

— Әңгімелер болған, бірақ бәрі бірден басылды. Себебі мен Украина жастар құрамасының ресми матчтарында ойнадым. — деді Пахолюк.

                                            Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×