Патрик ван Лиувен: «Бізге ояну үшін «Шахтердің» голы қажет болды»

20.08.2021, 21:56
Израильдік клуб екі минутта екі гол соғып кетті.
Патрик ван Лиувен: «Бізге ояну үшін «Шахтердің» голы қажет болды»

«Маккаби Тель-Авив» клубының бас бапкері Патрик ван Лиувен Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарағандылық «Шахтерге» (2:1) қарсы өткен ойын жайлы пікір білдірді:

- Бізге бұл гол ояну үшін қажет болды. Біз ойынды өз бақылауымызға алғанымызға қарамастан нақты мүмкіндіктер жасаған жоқпыз. Бізге ояну, ойынға оралу, қарқын алу және екі рет гол соғу үшін теріс нәрсе қажет болды. Бұл жаттықтырушы ретінде маған ұнамайды, бірақ кейде жағдай осылай болады.

Бұл бәрі шешілді деп айтатындай жақсы нәтиже емес. Біз дәл осы матчтағыдай концентрациямен сақтауымыз керек, кейбір эпизодтарды қайта талдауымыз қажет. Қажетті нәтижеге жету үшін біз тағы 90 минут болатын ойынға назар аударуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×