Патрик ван Лиувен: «Жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, әдемі футбол ойнайтын боламыз»

26.08.2021, 19:29
Израильдік команданың тәлімгері бірінші ойын өткен «Астана Аренадағы» жасанды төсеніш туралы да өз ойын айтты.
Патрик ван Лиувен: «Жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, әдемі футбол ойнайтын боламыз»

«Маккаби Тель-Авив» клубының бас бапкері Патрик ван Лиувен матч алдындағы баспасөз мәслихатында Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтермен» болатын кездесу туралы пікір білдірді:

- Біз бірге талдап, әрбір жаттығуда, әр ойында жақсартуды қажет ететін дүниелер болады. Менің ойымша, біз бәріміз өз деңгейімізді көтеру үшін көп нәрсе жасау керектігін түсінеміз. Біз мұны ұйымдасқан түрде жасауға тырысамыз, ойын қарқынын арттырып, жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, әдемі футбол ойнайтын боламыз.

Израильдік команданың тәлімгері бірінші ойын өткен «Астана Аренадағы» жасанды төсеніш туралы да өз ойын айтты: 

- Кейде еурокубоктік матчтардың синтетикалық төсеніште өтуіне рұқсат етілгеніне таң қаламын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×