“Патша Кадзу” тоқтамайды – 58 жастағы Кадзуёси Миура 41-ші маусымын бастамақ

22.12.2025, 17:45

Әлемдік футболдың тірі аңызы Жапониялық шабуылшы Кадзуёси Миура спорттық мансабындағы кезекті жаңа белесті бағындырмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Патша Кадзу” тоқтамайды – 58 жастағы Кадзуёси Миура 41-ші маусымын бастамақ

58 жастағы ардагер футболшы “Фукусима Юнайтед” клубымен келісімшартқа отырды. Осылайша, ол кәсіби деңгейдегі өзінің 41-ші маусымын өткізуге дайындалып жатыр.

“Патша Кадзудың” ғажайып хронологиясы:

• 1982 жыл (15 жас): Арман қуып, жалғыз өзі Бразилияға аттанды. Оның мақсаты — нағыз кәсіби футболшы болу еді.

• 1986 жыл: Пеленің отаны саналатын аты аңызға айналған Бразилиялық “Сантос” клубымен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды.

• 1993 жыл: Жапон футболының жаңа дәуірін бастап, J.League тарихындағы тұңғыш МVР (Ең үздік ойыншы) атағын иеленді.

• 1994 жыл: Италия А сериясына ауысқан алғашқы жапон футболшысы болып, “Дженоа” сапында өнер көрсетті.

• 2005 жыл: “Иокохама” клубына қосылып, бұл ұжымның 20 жылдық символына айналды.

• Ұлттық құрама: Жапония құрамасы сапында 89 матч өткізіп, 55 гол соқты. Ол ел футболының халықаралық деңгейге көтерілуіне зор үлес қосты.

• 2026 жыл (59 жас): Миура әлі де сапта! “Фукусима Юнайтед” құрамында өнер көрсетіп, спорт тарихындағы теңдессіз рекордтарын жаңартуды жалғастырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×