Паулу Рикардо Кака Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан кетті

48 жастағы бапкердің командадағы келісім шарты аяқталды.

Паулу Рикардо Кака Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан кетті

Бразилиялық жаттықтырушы Қазақстан құрамасында 2018 жылдан бері қызмет жасап келген еді. Оның тізгінінде біздің команда 2018 жылғы мундиаль 4 орын, 2021 жылғы Еуропа чемпионатында 4 орын алды.

Пауло Рикардоның орнына алдағы уақытта Какау келуі мүмкін. Тағы бір бразилиялық маман ұлттық құраманың 2013 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырған еді. Айтпақшы Какаудың арқасында Қазақстан құрамасы Сербиядағы Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанды. Үшінші орынға таласта біздің жігіттер турнир қожайынынан басым түсті. Ел құрамасынан кеткеннен кейін Какау Кувейт елінің ұжымында қызмет жасап қайтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×