Валерий Бельгибаев “Ертіс” командасы бас бапкерінің көмекшісі атанды.
Павлодар футболының түлегі Валерий Бельгибаев жаңа маусымда жаңа бапкер Кирилл Альшевскийдің көмекшісі қызметін атқаратын болады.
Жалпы 35 жастағы маман өз туып өскен жердің командаларының бас бапкері қызметін атқарып, мол тәжірибе жинаған. Мәселен, Валерий “Ертіс” командасы қиын кезеңдерді бастан кешіп жатқанда, клуб жаттықтыруды өз мойынына алды.
Қазақстан U19 құрамасының бапкерлік штабында жұмыс атқарған Бельгибаев соңғы рет “Шахтер” футбол орталығының басшысы ретінде жұмыс жасады.