Павлодардағы Погром – Басшылық кетті, құрам тарады, трансферлер тоқтады

12.01.2026, 22:26

"Ертіс" басшылығы ешқандай ескертусіз спорттық директор мен негізгі ойыншылардың басым бөлігін қызметтен босатты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Павлодардағы Погром – Басшылық кетті, құрам тарады, трансферлер тоқтады

Басшылықтағы тазарту: Горовенко мен Шадыев кетті

Клубтың спорттық директоры Константин Горовенко мен менеджер-селекционер Данияр Шадыев күтпеген жерден жұмыстан қуылды. Команданың болашақ құрамын жасақтап жүрген мамандардың не себепті кеткені әзірге жұмбақ.

Құрамның күл-талқаны шықты: 10 ойыншы бір сәтте қоштасты

Тек басшылық қана емес, команданың тірегі болып жүрген жұлдыздар да жаппай кетіп жатыр. Клуб сапынан бірден 10 футболшының кеткені белгілі болды:

Владислав Васильев, Еркебулан Тұңғышбаев, Владимир Воменко, Нұрғайни Бөрібаев, Әділхан Добай, Мұхаммед Еңсебаев, Нұрәлі Елемес, Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев және Темірлан Төребек.

Самат Смақов келмейтін болды: Трансферлер тоқтатылды

Ең сорақысы — жанкүйерлер асыға күткен Самат Смақовтың тағайындалуы ресми түрде тоқтатылды. Онымен бірге, келіссөз сатысында тұрған бірнеше маңызды трансферлер де күлге айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×