Павол Станьо: «Біз жеңісті бағалаймыз, себебі матч соңында қарсыластың есепті теңестіретін үлкен мүмкіндігі болды»

06.08.2021, 19:52
«Тобыл» қанша шабуылдаса да гол соғудың сәті түспеді.
Павол Станьо: «Біз жеңісті бағалаймыз, себебі матч соңында қарсыластың есепті теңестіретін үлкен мүмкіндігі болды»

Словакиялық «Жилинаның» бас бапкері Павол Станьо Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Тобылға» қарсы өткен алғашқы ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

- Өте қиын матч, бірақ біз жақсы жұмыс жасадық. Біз допты бақылауымызға алдық, өз футболымызды ойнадық. Біз бірінші таймда белсенді түрде қимылдадық, барымызды салдық, өйткені алаң иелері абайлап ойнады. Гол соғылғаннан кейін ашық ойын басталды, «Тобыл» көбірек шабуылдады, бұл өз кезегінде бізге бос кеңістік ашты, қарсы шабуылдарды аяқтай алмағанымыз өкінішті. Екінші жағынан, біз жеңісті бағалаймыз, себебі матч соңында қарсыластардың есепті теңестіретін үлкен мүмкіндігі болды. Қалай болғанда да, бұл тек бірінші ойын, эйфорияны ұстау керек. Өз алаңымызда өтетін матчта жанкүйерлер қайтадан бізді алға жетелеу үшін керемет футбол атмосферасын қалыптастырады деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×