Педро Эуженио: «Мен командаға голмен немесе нәтижелі пасыммен көмектескім келеді»

05.08.2021, 16:40
Педро бүгінгі матчқа да негізгі құрамнан шығуы тиіс.
Педро Эуженио: «Мен командаға голмен немесе нәтижелі пасыммен көмектескім келеді»

"Астананың" жартылай қорғаушысы Педро Эуженио Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде КуПС-ке қарсы өтетін бірінші матч туралы пікір білдірді:

- Әр ойын оңайға соқпайды, әсіресе еурокубок матчтары. Біз апта бойы дайындалдық және қиын ойынға дайынбыз. Мен қарсыласпен онша таныс емеспін, бірақ олардың украиналық "Ворскланы" жеңгенін білеміз. "Астанаға" қарсы матчта олар үлкен мотивациямен шығады. Мен әрқашан команда жеңіске жеткенде өзімді жақсы сезінемін. Ал егер мен командаға голмен немесе нәтижелі паспен көмектесе алсам, онда, әрине, бақытты болар едім. Бірақ команда өз дегеніне қол жеткізсе, мен ештеңеге қарамай өзімді бақытты сезінемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×