Пеле: «Тағы бір футбол королі тумайды»

27.03.2015, 17:56
Пеле: «Тағы бір футбол королі тумайды»
Әлемнің үш дүркін чемпионы бразилиялық Пеленің айтуынша футболдың жаңа королін іздеудің қажеті жоқ. Пеледен мықты футболшы енші тумайды екен. «Неймар менің орнымды басып ала ма? Жоқ, - деп бастады Пеле. – Жаңа король, жаңа Пеле болу мүмкін емес деп ойлаймын. Менің әкем мен анам енді бала тумайды ғой. Неймар – талантты жас футболшы. Ол үлкен жұлдыз болады, бұл күмәнсіз». 74 жастағы бразилиялық футболды бүгінгі күнде ойнаса, Лионель Месси мен Криштиану Роналдуға бәсекелес бола ала ма? Пеле бұған да жауап берді. «Бгер сіз Бетховен осы күндерді маңызды тұлға бола ма деп сұарасаңыз, мен «Әрине» деп жауап берер едім. Мен де қазір ойнайтын болсам, замануи футболға дайынмын деп ойлаймын. Адамдар менің ойынға деген талантым бар екенін ұмытып кетеді. Ешкімнің бұған күмән келтіруге хақы жоқ».  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×