Пеп Гвардиола 1000-шы матчында жеңіске жетті

10.11.2025, 07:00

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Пеп Гвардиола бапкерлік мансабындағы 1000-матчтық межесін жарқын жеңіспен атап өтті. "Этихадта" "Ливерпульді" толықтай басымдықпен ұтып, командасы Премьер лигада "Арсеналдың" ізіне түсіп, екінші орынға көтерілді, арадағы алшақтық төрт ұпай ғана.

Пеп Гвардиола 1000-шы матчында жеңіске жетті

“Манчестер Сити” соңғы сегіз маусымда өз алаңында чемпион атанған қарсыластарға қарсы жеңілмей келеді. Оның жеті матчында жеңіске жетсе, біреуінде тең түскен. Тек "Ливерпуль" (2008 жылдан бері 16 ойын) мен "Челси" (2002–2020 жылдары 13 ойын) ғана бұдан ұзақ серияны тіркеген.

Қызығы, "Ситидің" биылғы 11 турдан кейінгі 22 ұпайы былтырғыдан бір ұпайға аз. Бірақ өткен маусымдағы ауыр болған қысқы кезең командаға ауыр соққы болып, титулдық жарыстан ерте шығарып тастады. Соған қарамастан, клуб үздік үштікке ене алған. Гвардиоланың өзі 2024/25 маусымында үшінші орынның өзі сәттілік екенін айтады.

Баспасөз мәслихатында Пеп командадағы атмосфераның өзгергенін атап өтті:

"Командада жақсы энергия бар. Өткен маусымда біз сол энергиядан айырылдық. Неге екенін білмеймін. Бір-бірімізді алға итеруге тырыстық, бірақ қалыпты деңгейге жете алмадық. Соған қарамастан үздік үштікке ендік. Әдетте мұндай жағдайда ондыққа да кірмей қаласың.” – деді ол.

Статистика да "Ситидің” үстемдігін көрсетті: олар "Ливерпульге” қарағанда екі есе көп соққы жасады (14 – 7), ал xG көрсеткіші 1.6 – 0.7 болды. Дегенмен Пеп бұл тек бастамасы екенін ескертті.

Гвардиола маусым басындағы нәтижелерге ынтаны жоғалтпау керектігін ескертеді:

"Қазан-қарашада Премьер лиганы ешкім ұтып алмайды. Чемпион болатын команда – маусым бойы өсетін команда. Біз жақсарып келеміз деген сезім бар. Біз қайтадан өз деңгейімізге келе бастадық. Бұл біз үшін жақсы, бірақ қарсыластар үшін емес – не істейтінімізді алдын ала білу қиын."

Гвардиола 1000-матчтық мерейтойының "Ливерпульге” қарсы өтуін ерекше атап өтті. Соңғы жылдары екі команда арасында талай тартысты матчтар өткен.

"Вирджил, Робертсон, Салах – біз оларға қарсы мыңдаған шайқас өткіздік десем артық емес. Бұл ерекше түн болды. Балаларымның жанымда болуы да ерекше әсер сыйлады."

Пеп Гвардиола бапкерік мансабындағы 1000 матчта 716 рет жеңіске жетіп 40+ трофей иеленген, және мынадай айтулы рекордтарға ие:

Екі түрлі клубпен требл жасаған алғашқы менеджер, Англияда требл мен ішкі треблді бірдей жеңіп алған тұңғыш бапкер, Премьер лигада 100 ұпай жинаған алғашқы жаттықтырушы және Премьер лига тарихында төрт маусым қатарынан чемпиондыққа жеткен бірінші менеджер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×