Пеп Гвардиола: «Бапкерге қандай құрамды шығару керегін үйретпей-ақ қойыңыздар. Бұл біздің жұмысымыз»

30.01.2020, 00:41
Пеп Гвардиола: «Бапкерге қандай құрамды шығару керегін үйретпей-ақ қойыңыздар. Бұл біздің жұмысымыз»

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола матч сайын өзгеріп отыратын команда құрамын сынаушыларға қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды Sportf.

«Біз әр турнирдің маңыздылығына қарай құрамды жиі өзгертіп тұрамыз. Бір құраммен ойнай беру мүмкін емес. Себебі, 2-3 күн сайын алаңға шығып жүрміз. Мысалы, біз белгіленген күні ойнаймыз. Олар өз жұмысын істеп жатыр. Бірақ бізге қай футболшыны шығарып қайсысын шығармау керегін айтпай-ақ қойсын",-дейді испаниялық бапкер.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп Англия Кубогында «Шрусбери» командасымен болатын қарымта матчқа жастарды шығаратынын айтқан. Осыдан соң неміс маманы сынның астында қалған еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×