
“Манчестер Сити” клубының бас бапкері Пеп Гвардиола Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйненің командадан кету шешіміне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін футболшы өзінің командадан кететінін әлеуметтік желілер арқылы жариялаған болатын.
"Оның командаға қосқан үлесін көру, оның адами қасиеттерін сезіну – үлкен мәртебе. Соңғы он жылдағы жетістіктерімізге оның ықпалы орасан – онсыз бұл жетістіктер мүмкін болмас еді. Бұған дейін бізден Винсент Компани, Серхио Агуэро, Давид Сильва кеткенде де дәл осылай ауыр болған… Тағы көптеген есімдерді атауға болады, бірақ бұл үшеуі – мысал ғана.
Бұл оңай емес. Бірақ бізде әлі 10 матч бар, соның алтауы өз алаңымызда өтеді. Біз осы ойындарда жанкүйерлермен бірге әр сәттен ләззат алуға тырысамыз. Кевин де өзінің лайықты қошеметін, махаббатын алады деп сенемін.”
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET