“Ол шайтан” – Пеп Гвардиоланың шын мәнінде қандай адам екені белгілі болды

Бүгін, 11:31

Кот-д’Ивуар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, Яя Туре өзінің бұрынғы бапкері Пеп Гвардиоланың мінезі мен адамгершілік қасиеттеріне қатысты өте өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ол шайтан” – Пеп Гвардиоланың шын мәнінде қандай адам екені белгілі болды
Pep Guardiola & Yaya Toure - Manchester City

Туре бапкерді екіжүзділік пен зұлымдығы үшін айыптап, онымен жұмыс істеудің ауыр болғанын баяндады. Ол бапкердің тек кәсіби тұрғыда ғана емес, адам ретіндегі қасиеттеріне де күмән келтірді.

"Пеп – адам емес, ол – жылан. Бұл тип маған бүкіл маусым бойы ойнауға мүмкіндік бермеді.” – деп ашық мәлімдеді Туре.

Тіпті, футболшының жұбайы да бапкерге деген теріс көзқарасын жасырмаған. Яя Туре әйелінің сөзін былай деп келтірді:

“Ол шайтан, ол ер адам емес, ол – зұлым” деп айтатын."

Туре Гвардиоланы өзіне қатысты әділетсіздік жасады деп айыптайды. Оның айтуынша, бапкер бір маусым бойы оны алаңға шығармай, тізімнен тыс ұстаған.

Алайда, жағдай 2010 жылғы Әлем чемпионатынан кейін күрт өзгерген. 

"Мен 2010 жылғы Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсеткенімде, ол мені "Барсада” алып қалғысы келді.” – деді Туре.

Туре бапкердің өзін маусым бойы құрбандыққа шалып, тек нәтижеге қол жеткізгеннен кейін ғана оны пайдаланғысы келгенін айтып, Гвардиоланың екіжүзді мінезін әшкереледі. Бұл жанжал Туренің "Барселонадан" кетіп, "Манчестер Ситиге” ауысуына басты себеп болған болатын. Алайда олардың жолдары Англияда тағы тоғысып, Яя “Манчнстер Ситиден” де кетіп тынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×