Пепе «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін.

20.05.2013, 23:51
Пепе «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін.

«Реалдың» тас қамал қорғаушыларының бірі Пепе бұдан былай королдік клубтың қосалқы құрамында ойнағысы келмейді. Манкуниандықтардың бапкері Мануэль Пеллегрини қазірдің өзінде португалдық қорғаушыны өз командасына алуды көздеп отыр.

Естеріңізде болса, «Реал» бапкері Жозе Моуриньо королдік клубтың жүрегіне айналған Икер Касильясты негізгі құрамнан алып тастаған болатын. Қақпашыға болысқан Пепені Моуриньо отандасын да негізгі құрамнан шығарып жіберген. Не үшін Пепе ойнамайды деген сауалға – Оның орнында Рафаэль Варан жақсырақ ойнайды – деп жауап берген.

Әрине Жозе бапкер өз сөзінде тұратын нағыз ер азамат. Алайда командасының емес өзінің мүддесін бірінші кезекке қоятын португалдық сәнқой бапкер ақырында тақырға отырған жайы бар. Яғни, чемпиондар Лигасында да, Ла Лигада да тіпті Испания Кубогінде де жолы болмады. Бұл командада ауызбіршіліктің жоқтығы деген сөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×