Петр Бадло «Ақтөбеге» қайта оралды

06.08.2021, 20:00
Петр бұған дейін де Владимир Мұхановтың қол астында еңбек еткен.
Петр Бадло «Ақтөбеге» қайта оралды

Петр Бадло "Ақтөбе" ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды.

Бадло – "Ақтөбенің" аты аңызға айналған ойыншыларының бірі. Ол көптеген жылдар бойы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Капитандық міндетін де лайықты атқарған ол "Қобыланды батырға" ойыншы ретінде соңғы рет 2014 жылдың аяқ жағында шыққан болатын. 

Петр Бадло "Ақтөбе" құрамында 8 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет күміс жүлдегер, 3 рет қола жүлдегер атанды. Бір рет Қазақстан Кубогін жеңіп, 3 рет Суперкубок иегері және Достастық Кубогінің күміс жүлдегері атанды.

2018-19 жылы Бадло "Ақтөбе" футбол клубында Владимир Мухановтың көмекшісі қызметін атқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×