Пиерос Сотириу «Астанадан» кетті

06.02.2021, 02:43
Трансферлік құны 800 мың еуроны құрады деп болжануда.
Пиерос Сотириу «Астанадан» кетті

"Астана" футбол клубы Пиерос Сотириудың Болгария чемпионы "Лудогорецке" ауысқанын хабарлады.

Пиерос елордалық клубтың сапына 2020 жылғы маусым басталар тұста ауысып келіп, клубқа Қазақстан Суперкубогін жеңіп алуға және чемпионаттың қола жүлдегері атануға жәрдемдескен болатын. Өткен маусымда кипрлік шабуылшы 18 матчқа қатысып, 7 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

"Астана" командасы өз кезегінде Пиеросқа команда нәтижелеріне үлес қосқаны үшін алғыс білдіре отырып, оған алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×