Пикфорд өзін қорғау үшін оққағар жалдады

28.10.2020 13:10 АПЛ

Пикфорд бұл әрекеті үшін жазаланған жоқ.

Пикфорд өзін қорғау үшін оққағар жалдады

«Эвертон» қақпашысы Джордан Пикфорд Премьер-лига матчында «Ливерпульдің» қорғаушысы Вирджил ван Дейкті жарақаттауына байланысты оққағар жалдады, деп хабарлайды Daily Mail.

Қақпашыға әлеуметтік желілерде жанкүйерлер қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін өзін және отбасын қорғау үшін күзетшілер жалдауға шешім қабылдады.

Еске салайық, Мерсисайдтық дерби барысында «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Фабиньо қарсыластың айып алаңына жүгірген ван Дейкке пас асырған еді. Пикфорд қорғаушыны шалып жықты, бірақ төрешілер ван Дейкті офсайдта деп санап, пенальти де, сары қағаз да бермеді. Вирджил 11-минутта орнын Джо Гомеске босатып берді.

Ауыр жарақат алғар ван Дейк маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін екендігі хабарланды. «Ливерпуль» футболшысының алдыңғы тізе байламы зақымданған екен.

0 пікір