Пиралы Әлиев: “Қарсылас жоғары қарқында ойнады, бірақ біз ойынды өз пайдамызға бұра алдық”

24.08.2025, 11:00

"Жеңіс" командасының бас бапкерінің көмекшісі Пиралы Әлиев Премьер лиганың 22-турындағы "Астанаға" қарсы өткен матчты қорытындылады.

Пиралы Әлиев: “Қарсылас жоғары қарқында ойнады, бірақ біз ойынды өз пайдамызға бұра алдық”

"Қысқа қайырамын, көп сөйлемеймін. Ең алдымен барлық “Жеңіс" жанкүйерлерін, біздің футболшыларды, жалпы клуб құрылымындағы барша жанды құттықтағым келеді. Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Сондай-ақ қарсыласқа алғыс айтқым келеді. Брінші таймда бізге қиын болды, өйткені олар жоғары қарқында ойнады.

Алғашқы таймда тактикалық тұрғыдан кей жерлерде дұрыс қорғана алмадық, ойынымыз жүрмей қалды. Үзілістен кейін қайта құрып, өзгеше әрекет еттік, соның арқасында жеңіске қол жеткіздік, әдемі голдар соқтық."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×